Анна Беспалованың «Жүрекпен үндес» атты жеке концерті
31 мамыр күні Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының Қызыл залында халықаралық байқаулардың лауреаты, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, вокалшы-артист Анна Беспалованың жеке концерті өтеді.
Концертте А. Петров, М. Таривердиев, М. Дунаевский, Р. Паулс, Э. Уэббер, Ж. Пресгурвик, Д. Хорнер және басқа да атақты композиторлардың танымал кинофильмдері мен мюзиклдерінен музыкалық шығармалар шырқалады.
Солистаның әдемі, қуатты лирико-колоратуралық сопрано дауысы классикадан бастап лирика, джаз бен рокқа дейінгі кез келген музыкалық жанрды меңгере алады.
Концерт театрдың симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен, халықаралық байқаулардың лауреаты Руслан Бекмаевтың дирижерлігімен өтеді. Анна Беспалова мен оркестрдің орындауындағы көптеген шығармалар алғаш рет шырқалмақ.
Театрдың 50 жылдық мерейтойы аясында Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының жетекші солисті Анна Беспалованың жеке концерті өтеді. Симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен Россини, Римский-Корсаков, Е. Брусиловский, И. Кальман, Ф. Легар және басқа композиторлардың туындылары орындалады. Көрермендерге оперетта, опера және мюзикл үзінділері ұсынылады. Шығармалар қазақ, орыс және итальян тілдерінде шырқалады. Концертке хор әртістері де қатысады.
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:

