ҰЙҚЫДАҒЫ АРУ
Петр Чайковский
«ҰЙҚЫДАҒЫ АРУ»
Прологы мен Эпилогы бар 3 бөлімді балет
Ұзақтығы – 3 сағат 30 минут (бір үзіліспен)
Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз
Дирекция орындаушыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады
Либретто авторлары Иван Всеволожский мен Мариус Петипа
Шарль Перроның аттас ертегісі желісімен
Константин Сергеевтің редакциясы пайдаланылған
Мариус Петипаның хореографиясы
Хореографиялық қойылым авторы
Ресейдің халық әртісі Алтынай Асылмұратова
«Ұйқыдағы ару» – эмоциялық ықпалының күшімен, көркемдік шешімдері мен түрлі бояуларымен таңдандыратын П. Чайковскийдің теңдессіз туындысы. Балеттің керемет музыкалық өрнегі, жақсылық пен жамандықтың қарсылығы саналатын екі әуен – Мамыргүл перісі мен Карабос перісінің музыкалық тақырыптарынан тұрады.
Петр Чайковский «Ұйқыдағы аруды» жазуда хореограф Мариус Петипамен бірге жұмыс жасады. Екі данышпан тұлғаның бірлесе еңбектенуінің арқасында музыкасы мен хореография тамаша үйлескен қойылым өмірге келді. Балеттің тұсаукесері 1890 жылғы 3 қаңтарда Мариинский театрында өтті. Осы кезден әлемнің көптеген сахналарында қойылып келген «Ұйқыдағы аруда» үнемі Петипаның мінсіз хореографиясы негіз ретінде алынуда, дегенмен әр балетмейстер өзіндік ерекшеліктерін енгізуге тырысады.
«Астана Операда» «Ұйқыдағы ару» балеті балаларға арналған ертегі немесе көңіл көтерерлік феерия ретінде емес, Чайковскийдің музыкасына сәйкес жігерлі поэма ретінде ұсынылады.
ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ
Қоюшы дирижер – Арман Оразғалиев
Қоюшы дирижердің ассистенті – Элмар Бөрібаев
Декорациялар бойынша суретші – Риккардо Масирони
Костюмдер бойынша суретші – Франка Скуарчапино
Костюмдер бойынша суретшінің ассистенті – Анна Верде
Жарық бойынша суретші – Якобо Пантани
Қоюшы балетмейстердің ассистенттері – Константин Заклинский, Ресейдің еңбек
сіңірген әртісі
Елена Шерстнева
Дамира Зайнуллина,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Гауһар Усина,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Ғалия Бегалина
Николай Коршунов
Декорациялар бойынша суретшінің ассистенті – Гүлмира Исемғазиева
Костюмдер бойынша суретшінің ассистенті – Дариға Тайшықова
Жарық бойынша суретшінің ассистенті – Михаил Епанчин
Жобаның техникалық жетекшісі – Виктор Караре
Спектакльді жүргізуші режиссер көмекшілері – Элмира Сұлтанғазина, Алтынғаным
Ахметова, Айнұр Халелова
«Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі –
Алтынай Асылмұратова, Ресейдің халық әртісі
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.