Травиата
Джузеппе Верди
«Травиата»
2 бөлімді опера
Либретто авторы Франческо Мария Пиаве.
Опера сюжеті Александр Дюманың (кіші) «Камелия ұстаған ханым» романынан алынған
Итальян тілінде орындалады
(қазақ және орыс тілдеріндегі синхронды аудармамен)
Ұзақтығы – 2 сағат 40 минут (бір үзіліспен)
Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз
Дирекция орындаушыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады
Верди қоғам қабылдамаған әйелді өз операсының кейіпкері етіп жасады; Сазгер мұны опера атауында арнайы атап көрсетті («Травиата» – итальянша – азғын, адасқан). Сазгер Виолеттаның адамгершілігі мен жан сұлулығын бейнелеп қана қоймай, өзін қоршаған жеңілтек ортадан және ақсүйек қоғамның ізгілікті өкілі, Альфредтің әкесі – Жорж Жермоннан артықшылығын көрсетті.
Әлеуметтік теңсіздік құрбанына ыстық аяушылық білдіру, екіжүзділік моральді аяусыз мінеу, опера сахнасында заманауи өмірді көрсету – осының бәрі қалыптасқан дәстүрді бұзып, 1853 жылдың 6 наурызында Ла Фениче театрында өткен тұсаукесердегі опера сәтсіздігінің басты себебі болды.
Бірақ, Верди опера табысына сенді. Бір жылдан соң венециялық Сан-Бенедетто театрында көрермендерге үйреншікті XVIII ғасырдың костюмдерінде көрсетілген «Травиата» табысқа жетеді – сонымен оның күллі әлемнің опералық театрларына салтанатты шеруі басталды. Ал, Виолеттаның партиясы барлық ұрпақ өкілдері примадонналы үшін сүйіктісі болды: Аделина Патти (1843-1919), Роза Понсель (1897-1981), Рената Тебальди (1922-2004), Мария Каллас (1923-1977), Джоан Сазерленд (1926-2010), Монсеррат Кабалье, Тереза Стратас, сондай-ақ қазақстандық опера сахнасының жұлдыздары: Роза Жаманова (1928-2013), Бибігүл Төлегенова, Нұржамал Үсенбаева, Майра Мұхамедқызы, Жаннат Бақтай, Жәмила Баспақова және т.б.
БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР:
Виолетта Валери – Әсем СЕМБИНА
Альфред Жермон – Рамзат БАЛАШИКИЕВ
Жорж Жермон – Талғат ҒАЛЕЕВ
Гастон – Бейімбет ТАҢАРЫҚОВ
Флора Бервуа – Гүлжанат САПАҚОВА
Аннина – Ұлпан ӘУБӘКІРОВА
Маркиз д’Обиньи – Болат ЕСІМХАНОВ
Барон Дюфоль – Ержан САИПОВ
Доктор Гренвиль – Шыңғыс РАСЫЛХАН
Комиссионер – Нұрлыбек ҚОСПАРМАҚОВ
Джузеппе – Әлихан ЗЕЙНОЛЛА
ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ:
Дирижер – Алан Бөрібаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
Қоюшы режиссер – Хеннинг Брокгауз
Режиссердің ассистенті – Еренбақ Тойкенов
Қоюшы суретші – Йозеф Свобода
Жаңғырту бойынша суретші – Бенито Леонори
Жарық бойынша суретші – Фабрицио Гобби
Костюмдер бойынша суретші – Джанкарло Колис
Опера труппасының директоры – Талғат Мұсабаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Бас хормейстер – Ержан Дәуітов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Балетмейстерлер – Тұрсынбек Нұрқалиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Валентина Эскобар
Режиссердің көмекшілері – Алтынғаным Ахметова, Айнұр Халелова
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:

