тәулік бойы қолдау қызметі:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

Үш баритон

Билет сатып алу

«Үш баритон» концертінде «Астана Опера» театрының жас, дарынды әрі харизмаға ие вокалистері сахнада өз өнерлерін паш етпек. Олардың орындауында әлемдік опера репертуарынан, сондай-ақ Қазақстанның классик композиторларының туындыларынан танымал ариялар шырқалады.

Риголетто, Дон Карлос, Фальстаф, Алеко, Абай, Серке сынды кейіпкерлер бейнесінде халықаралық байқаулардың лауреаттары Расул Жармағамбетов, Дінмұхамед Көшкінбаев, Азат Мәлік өнер көрсетеді.

Концерт тыңдарман қауымға жарқын эмоциялар, шалқар шабыт пен тамаша көңіл күй сыйларына сенімдіміз.

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Расул ЖАРМАҒАМБЕТОВ, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты
Дінмұхамед КӨШКІНБАЕВ, Халықаралық байқаулардың лауреаты
Азат МӘЛІК«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты

                                                                               «АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ОРКЕСТРІ, ХОРЫ

Дирижер – Руслан БАЙМУРЗИН,
«Құрмет» орденінің кавалері

Бас хормейстер - Ержан ДӘУІТОВ,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.