МУЗЫКАЛЫҚ АРНАУ
Қазақконцерт «Музыкалық ода» концертіне шақырады. Іс-шараға Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі мен талантты солистер қатысады.
Дирижер - Оңтүстік Кореядан арнайы шақырылған Сямэнь филармония оркестрінің көркемдік жетекшісі және Донгсео университетінің профессоры, классикалық репертуарды шебер жеткізе білетін маэстро Бэк Джин.
Сахнада өнер көрсететіндер: «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Будапешт операсы, «Қазақконцерт» және «Астана Опера» театрының солисі, Дубай операсынан шақырылған талантты әртіс Азат Мәлік, Мариин театрының жетекші солисі, Үлкен театрдың шақырылған солисі Саян Исин, сондай-ақ, халықаралық байқаулардың лауреаты, «Қазақконцерт» солисі Нұрсезім Саматқызы.
Музыкалық кеш барысында тенор, сопрано және баритон секілді үш түрлі әсерлі дауыс өзара үндестік тауып, әрқайсысы өзіне тән бояуымен тыңдарманның көңілін баурайды. Бағдарламада халық әндері, опера ариялары, сондай-ақ қазақ және әлем музыкасының інжу-маржандары орындалады. Бұл – жеңіл ирониядан бастап терең драмалық сезімдерге толы, жүректі тербейтін музыкалық саяхат.
Жарқын әсер мен шабытқа толы мерекелік кешті жіберіп алмаңыз!