Өнерім - ізгілік мекені
Санитарлық күн – әр айдың соңғы сейсенбісі.
Назар аударыңыз! Бұл күндері музей жабық.
Әр айдың үшінші жексенбісінде Қазақстан Республикасының тұрғындары үшін мұражайға кіру ТЕГІН (шетелдік көрмелерді қоспағанда).
Науқан: Мектептен демалыс күндері тұрақты көрмелер және уақытша көрмелер (шетелдік көрмелерден басқа) залдарында БАЛАЛАР ҮШІН музейге кіру ТЕГІН.
2025 жылғы 2 қазаннан 22 қазанға дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қазақстанның көрнекті суретшісі, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Францияның Өнер және әдебиет орденінің кавалері, Сальвадор Дали атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері Ерболат Төлепбайдың мерейтойлық «Өнерім - ізгілік мекені» көрмесі өтеді.
Е. Төлепбайдың өнердегі басты ұстанымдарының бірі – «Өнер адамға бақытқа қол жеткізуге үміт сыйлап, оны асқақ мұраттарына жету жолындағы кедергілерді еңсеруге жігерлендіреді» деген сенім. Осы қағидатты өмірлік бағдар еткен суретші өз ғұмырын өнерге арнап, дүниежүзіне танылған және жоғары бағаланған ғажайып туындылар топтамасын жасады.
Бұл көрме Қазақстан өнерінің көрнекті өкілі Е. Төлепбайдың 70 жылдық мерейтойы мен 50 жылдық шығармашылық қызметіне арналмақ. Экспозицияда суретшінің әр кезеңдегі шығармашылығы қамтылып, көрермен назарына кескіндеме өнерінің түрлі бағыттарын қамтитын таңдаулы туындылары ұсынылады.
Көрме атауы: |
«Өнерім - ізгілік мекені» |
||||||||||||
Экскурсиялық бағдарлама: |
Алтын залсыз шолу – 30 минут Алтын залмен шолу – 45 минут |
||||||||||||
Музейді аралау ұзақтығы: |
Музей аралау аясында |
||||||||||||
Жас шегі: |
жоқ |
||||||||||||
Күні мен уақыты: |
2/10/25 -22/10/25 |
||||||||||||
Келу ережелері: |
Экспонаттарды қолмен ұстауға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ Музей залдарына сусын мен тамақпен кіруге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ 14 жасқа дейінгі балалар ересек адаммен бірге музейге баруы керек. |
||||||||||||
Өзіңізбен бірге алу: |
|
||||||||||||
Бағасы |
Кіру билеттерінің бағасына кіреді: жас санаттары, музейге іріктеп немесе кешенді бару (тарифтерді қараңыз). 7 жасқа дейінгі балаларға кіру - ТЕГІН. Қазақстан азаматтары үшін: 7 жастан 18 жасқа дейін - оқушылық тарифі. 18 жастан 22 жасқа дейін – студенттік тариф (студенттік билетті көрсеткен кезде). Зейнеткер куәлігін көрсеткен жағдайда «зейнеткерлік» тарифі қолданылады. |
||||||||||||
Тариф 1. Атауы: «Алтын» залдарынсыз музейге кіру * Кіру билеті құнына барлық тұрақты экспозициялар мен уақытша көрмелерге бару кіреді (Алтын залдары мен шетелдік көрмелерден басқа). * 7 жасқа дейінгі балалар – тегін *«Оқушы», «студент», «зейнеткер» тарифтері – растайтын құжаттарды көрсету арқылы |
|
||||||||||||
Тариф 2. Атауы: «Алтын» залдарын қоса алғанда музейге кіру * Кіру билеті құнына барлық тұрақты экспозициялар, уақытша көрмелер және «Алтын» залдарына бару кіреді (шетелдік көрмелерден басқа). * 7 жасқа дейінгі балалар – тегін * «Оқушы», «студент», «зейнеткер» тарифтері – растайтын құжаттарды көрсету арқылы |
|
||||||||||||
Тариф 3. Атауы: «Музейге және 1 шетелдік көрмеге кіру» («Алтын» залдар кірмейді).
* Кіру билеті құнына барлық тұрақты экспозициялар мен уақытша көрмелерге және 1 шетелдік көрмеге кіру кіреді. * 7 жасқа дейінгі балалар – тегін *«Оқушы», «студент», «зейнеткер» тарифтері – растайтын құжаттарды көрсету арқылы |
|
||||||||||||
Тариф 4. Атауы: «Музейге, «Алтын» залдар және 1 шетелдік көрмелерге кіру» * Кіру билеті құнына барлық тұрақты экспозициялар, уақытша көрмелер, 1 шетелдік көрмеге және «Алтын» залдарына кіру кіреді. * 7 жасқа дейінгі балалар – тегін *«Оқушы», «студент», «зейнеткер» тарифтері – растайтын құжаттарды көрсету арқылы |
|
||||||||||||
Жеңілдіктер: • Қазақстан Республикасының жеңілдік санаттарына жататын азаматтары ғана Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне тегін немесе жеңілдікпен кіру құқығына ие. • Жеңілдіктер тек уақытша және тұрақты экспозиция залдарын, соның ішінде Ұлы Дала ежелгі өнері мен технологиялары залын («Алтын залдары») қамтитын кіру билеттеріне ғана қолданылады және растаушы құжаттарды көрсету арқылы жүзеге асырылады. • Жеңілдік санаттарына жататын азаматтар үшін шетелдік (халықаралық) көрмелерге кіру (I–II топтағы мүгедектігі бар азаматтар мен оларды ертіп жүретін адамдарды, сондай-ақ III топтағы мүгедектігі бар азаматтарды қоспағанда) бекітілген прейскурантқа сәйкес ақылы түрде жүзеге асырылады. |
ТЕГІН:
50% ЖЕҢІЛДІК: 1. III топтағы мүгедектігі бар азаматтар (шетелдік көрмелерге кіру билеттерін қоса алғанда) |