Қалыңдық хикаясы
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде 2025 жылғы 18 мамыр мен 31 мамыр аралығында жапонның танымал суретшісі Каору Моридің «Қалыңдық хикаясы» атты манга көрмесі өтеді.
Бұл көрме Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанда өтетін XV Халықаралық «Жапон көктемі» өнер фестивалі аясында ұйымдастырылып отыр.
Манга – жапон комикстері, әлемге кеңінен танымал өнер түрі. Жапонияда манга бұқаралық ақпарат құралдарының маңызды бөлігі болып саналады және елдің мәдени символдарының бірі ретінде танылады.
Көрмеде ұсынылып отырған Каору Моридің «Қалыңдық хикаясы» мангасы алғаш рет 2008 жылы жарық көріп, 2022 жылға дейін 14 томы жарияланған. Бұл туынды Франциядағы Ангулем халықаралық комикстер фестивалінің (2012) жүлдесіне және Manga Awards-2014 марапатына ие болған. Манга Жапония мен Орталық Азиядағы бес мемлекеттің арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орай Киотодағы Халықаралық манга мұражайында да көрмеге қойылған болатын.
Манга желісі XIX ғасырдың соңында Каспий теңізі маңындағы ауылда өрбиді. Басты кейіпкер – Амир есімді қыз, ол шалғай ауылдан өзінен сегіз жас кіші Карлук есімді жігітке тұрмысқа шығу үшін келеді. Мангада олардың қарым-қатынасы, отбасылық және ауыл тіршілігі, мәдениеті мен салт-дәстүрлері көркем сипатталады. Көрмеде манганың 14-томы ұсынылады.
Көрме атауы: |
«Қалыңдық хикаясы» атты манга |
||||||||||
Экскурсиялық бағдарлама: |
Алтын залсыз шолу – 30 минут Алтын залмен шолу – 45 минут Топтық экскурсияларға мына телефондар бойынша жазылыңыз: 91-90-35, 91-90-36 |
||||||||||
Музейді аралау ұзақтығы: |
Музей аралау аясында |
||||||||||
Жас шегі: |
жоқ |
||||||||||
Күні мен уақыты: |
17/05/25 -31/05/25 |
||||||||||
Келу ережелері: |
Экспонаттарды қолмен ұстауға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ Музей залдарына сусын мен тамақпен кіруге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ 14 жасқа дейінгі балалар ересек адаммен бірге музейге баруы керек. |
||||||||||
Өзіңізбен бірге алу: |
|
||||||||||
Бағасы |
Кіру билеттерінің бағасына кіреді: жас санаттары, музейге іріктеп немесе кешенді бару (тарифтерді қараңыз). 7 жасқа дейінгі балаларға кіру - ТЕГІН. 7 жастан 18 жасқа дейін - балалар тарифі. 18 жастан 22 жасқа дейін – студенттік тариф (студенттік билетті көрсеткен кезде). |
||||||||||
Тариф 1. Тақырыбы: «Алтын» залдарсыз музейге келу. *Музейге кіру бағасына жас тарифтері бойынша (Алтын залдар мен шетелдік көрмелерден басқа) тұрақты көрмелердің және уақытша көрмелердің барлық залдарына бару кіреді. |
|
||||||||||
Тариф 2. Тақырыбы: «Алтын» залдармен музейге келу. **Музейге кіретін билет құнына барлық тұрақты экспозиция залдарын, уақытша көрмелерді және «Алтын» залдарын тамашалау кіреді, жастық тарифтерге сәйкес (шетелдік көрмелерден басқасы). |
|
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:



