тәулік бойы қолдау қызметі:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

«Пабло Пикассо. Параграфтар» көрмесі Астана қаласында

Билет сатып алу

LM Kulanshi Art Lumiere-Hall музейі ұсынған көрмеде XX ғасырдың өнеріндегі ең шулы есімі

ПИКАССО. XX ғасыр өнерінің ең жарқын есімі. Қызыққанын аямайтын, сан мыңдаған шығарма тудырған дара дарын, заманауи өнердің жаңашылы әрі айнымастай әйелқұмар. Ұзақ ғұмыр кешіп, «өзекті өнердің» үлгісіне айналған ұлы мұра қалдырды. Оның еңбектері кейінгі ұрпаққа бағыт-бағдар боларлық құндылыққа ие.

Құштарлық пен күмәнге толы бұл мұраның таңдап алынған параграфтарын біз Германия, Бельгия және Францияның жеке коллекцияларынан жинақталған 51 литографиядан тұратын бірегей топтамаға біріктірдік.

«Пабло Пикассо. Параграфтар» көрмесінде суретшінің шығармашылық жолындағы негізгі кезеңдерінің жұмыстары, оның ішінде әйгілі «Герника» туындысына салынған эскиздер мен кейінгі жылдардағы «Торос пен тореадорлар», «Соғыс пен бейбітшілік» топтамалары ұсынылады.

Lumiere-Hall - Будапешт, Амстердам, Ереван және Мәскеу қалаларында филиалдары бар халықаралық музей.