«Серб әйелі: ғасырлар тоғысында» көрмесі
Қазақстанда алғаш рет Алматы музейінде Белград қаласы музейінің «Серб әйелі: ғасырлар тоғысында» атты көрме ашылды. Аталған көрме серб қоғамындағы әйел болмысы мен оның тарихи рөлін кеңінен таныстыруды мақсат етеді.
Бұл шара – Қазақстан мен Сербия арасындағы мәдени ынтымақтастықтың маңызды қадамы.
Экспозицияда Белград қаласы музейінің бай қорынан алынған құнды жәдігерлер – ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі археологиялық артефактілер, этнографиялық экспонаттар, сәндік-қолданбалы өнер туындылары, сондай-ақ XIX ғасырдағы серб әйелдерінің портреттері ұсынылған. Көрме келушілерге серб қоғамындағы әйелдің орны мен рөлінің қалай өзгергені туралы тың тарихи мәліметтерді ұсына отырып, әйгілі серб суретшілері, ғалымдары, спортшылары мен қоғам қайраткерлерінің өмірі мен жетістіктерімен танысуға мүмкіндік береді.
Бұл шара музейаралық ынтымақтастықтың жалғасы ретінде ұйымдастырылуда. 2024 жылдың желтоқсан айында Белград қаласында Алматы музейінің «Ұлы Даланың мәдени мұрасы» халықаралық көрмесі жоғары деңгейде өткізілді. Екі музей арасындағы әріптестік келіссөздер барысында Алматы музейінде, Белград қаласы музейінің көрмесін өткізу туралы шешім қабылданды.
Көрме 2025 жылғы 15 қарашаға дейін жалғасады.
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:
.png?w=220&h=300)
