«За баром» әзіл-оспақ шоуы
«За баром» - жаңа интерактив шоу форматы
Екі жүргізуші бар сөресінің артында тұрып, кешті импровизация форматында жүргізеді. Олар қонақтарды еркін әрі тосын байланысқа тартып, ерекше атмосфера жасайды. Билет құнына welcome drink (қарсы алу сусыны) кіреді.
Билетті сатып алған кезде сізге залдан нақты орындар бекітіледі. Концерт менеджерінің рұқсатынсыз орын ауыстыруға қатаң тыйым салынады.
Бұл шара тек көңіл көтеруге арналған. Сахнада айтылған кез келген пікірлер әзіл-сықақ түрінде берілген, ешкімнің сезіміне тиісу немесе ренжіту мақсатын көздемейді.
Іс-шара басталғаннан кейін 30 минуттан артық кешіккендер залға кіргізілмейді.
Билетті қайтару тек шара басталуына 72 сағат қалғанға дейін ғана мүмкін.
Билет сатып ала отырып, сіз жоғарыда көрсетілген ережелермен толық келісесіз.