№2 Этнография залы
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап қазақ мәдениетінің этнографиялық мұрасына арналған жаңа тұрақты экспозициялық зал ашылды.
Этнографиялық мұра – бұл өткеннің естелігі ғана емес, сонымен қатар қазақ халқының рухани әлемін, дәстүрлері мен көркемдік талғамын айқындайтын ұлттық бірегейліктің қайнар көзі. Жаңа залда музей қорындағы ең үздік жәдігерлер жұртшылық назарына ұсынылды.
Экспозицияға XIX–XX ғасырлардағы қазақ халқы мен Орталық Азия халықтарының зергерлік әшекейлері топтастырылған. Олардың ішінде ерекше орын алатыны – XIX ғасырға жататын Батыс Қазақстаннан шыққан сәукеле. Ол – сұлулықты, молшылықты әрі қасиетті қорғаушылық мәнді білдіретін қалыңдықтың бас киімі. Ұлттық өнердің бұл жауһары қазақ халқының мәдени байлығының жарқын айғағы саналады.
Сонымен қатар ерлер мен әйелдердің, қалыңдық пен күйеужігіттің ұлттық киімдері ұсынылған. Реконструкция авторы – Естай Даубаев, шебері – Айжан Абдубаитова. Бұл жәдігерлер ұлттық киім үлгілерінің өрнек байлығын және пішіндерінің алуан түрлілігін айқын көрсетеді.
Жеке бөлімде кілем тоқу өнері мен киіз бұйымдары – сырмақ пен текеметке назар аударылған. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан бұл қолөнер түрлері халықтың этникалық ерекшелігі мен дүниетанымын паш етеді.
Экспозицияны сандықтар, кебеже, асадал және тұрмыстық бұйымдар толықтырады. Олардың ою-өрнектері мен көркемдік нақыштары ата-бабаларымыздың тұрмыстық утилитарлық заттарды эстетикамен үйлестіре білгенін дәлелдейді.
Жалпы экспозицияда 258 жәдігер ұсынылған.
Көрме атауы: |
«№2 Этнография залы» |
||||||||||||
Экскурсиялық бағдарлама: |
Алтын залсыз шолу – 30 минут Алтын залмен шолу – 45 минут Топтық экскурсияларға мына телефондар бойынша жазылыңыз: 91-90-35, 91-90-36 |
||||||||||||
Музейді аралау ұзақтығы: |
Музей аралау аясында |
||||||||||||
Жас шегі: |
жоқ |
||||||||||||
Күні мен уақыты: |
16/09/25 -31/12/25 |
||||||||||||
Келу ережелері: |
Экспонаттарды қолмен ұстауға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ Музей залдарына сусын мен тамақпен кіруге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ 14 жасқа дейінгі балалар ересек адаммен бірге музейге баруы керек. |
||||||||||||
Өзіңізбен бірге алу: |
|
||||||||||||
Бағасы |
Кіру билеттерінің бағасына кіреді: жас санаттары, музейге іріктеп немесе кешенді бару (тарифтерді қараңыз). 7 жасқа дейінгі балаларға кіру - ТЕГІН. Қазақстан азаматтары үшін: 7 жастан 18 жасқа дейін - оқушылық тарифі. 18 жастан 22 жасқа дейін – студенттік тариф (студенттік билетті көрсеткен кезде). Зейнеткер куәлігін көрсеткен жағдайда «зейнеткерлік» тарифі қолданылады. |
||||||||||||
Тариф 1. Атауы: «Алтын» залдарынсыз музейге кіру * Кіру билеті құнына барлық тұрақты экспозициялар мен уақытша көрмелерге бару кіреді (Алтын залдары мен шетелдік көрмелерден басқа). * 7 жасқа дейінгі балалар – тегін *«Оқушы», «студент», «зейнеткер» тарифтері – растайтын құжаттарды көрсету арқылы |
|
||||||||||||
Тариф 2. Атауы: «Алтын» залдарын қоса алғанда музейге кіру * Кіру билеті құнына барлық тұрақты экспозициялар, уақытша көрмелер және «Алтын» залдарына бару кіреді (шетелдік көрмелерден басқа). * 7 жасқа дейінгі балалар – тегін * «Оқушы», «студент», «зейнеткер» тарифтері – растайтын құжаттарды көрсету арқылы |
|
||||||||||||
Жеңілдіктер: • Қазақстан Республикасының жеңілдік санаттарына жататын азаматтары ғана Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне тегін немесе жеңілдікпен кіру құқығына ие. • Жеңілдіктер тек уақытша және тұрақты экспозиция залдарын, соның ішінде Ұлы Дала ежелгі өнері мен технологиялары залын («Алтын залдары») қамтитын кіру билеттеріне ғана қолданылады және растаушы құжаттарды көрсету арқылы жүзеге асырылады. • Жеңілдік санаттарына жататын азаматтар үшін шетелдік (халықаралық) көрмелерге кіру (I–II топтағы мүгедектігі бар азаматтар мен оларды ертіп жүретін адамдарды, сондай-ақ III топтағы мүгедектігі бар азаматтарды қоспағанда) бекітілген прейскурантқа сәйкес ақылы түрде жүзеге асырылады. |
ТЕГІН:
50% ЖЕҢІЛДІК: 1. III топтағы мүгедектігі бар азаматтар (шетелдік көрмелерге кіру билеттерін қоса алғанда) |