Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған концерт
Астанада даңқты композитор әрі дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Әлқисса - Нұрғиса» атты мерейтойлық концерт өтеді.
Концерттің ерекшелігі неде?
- Ұлы композитордың қазақ музыка тарихындағы ерекше қолтаңбасын көрсету;
- Ғасырлар көрінісін сипаттайтын әндер мен күйлердің әсемдігі;
- Халық аспаптар оркестрі мен симфониялық оркестр және хор капелласының бірлескен коллаборациясы;
- Композитордың жауҺар туындыларын еліміздің танымал әншілері мен шығармашылық ұжымдарының орындауы.
Концерт бағдарламасы:
«Ата толғауы», «Дариға домбырамды берші маған», «Есіңе мені алғайсың», «Аққу», «Махамбет», «Өз елім», «Құстар әні», «Ақ шағала», «Ұлы той», «Ақ құсым» және т.б. күйлер орындалып, көркем туындылар шырқалады.
Іс-шарада кімдер өнер көрсетеді?
- Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері: Светлана Айтбаева, Азамат Жылтыркөзов, Нұржан Жанпейісов;
- Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары: Феруза Рахметова, Артур Ғабдиев, Расул Жармағамбет, Даяна Тілендиева;
- Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрі;
- Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының симфониялық оркестрі;
- Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы.
Қазақ музыка мәдениетінің көрнекті тұлғасына құрмет көрсетуге арналған әдемі кештің куәгері болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:

