Альбина Шагимуратова және оның достары
«Альбина Шагимуратова және оның достары»
ГАЛА-ОПЕРАСЫ
КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ және ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ ӨТЕДІ
Ұзақтығы – 1 сағат 40 минут
Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз
Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады
Гала-опера – бұл жай концерт емес, бұл опера өнерінің ғаламат мерекесі. Сіз әлемдік опера сахнасының жұлдызы Альбина Шагимуратова мен оның дарынды достарының дауысы арқылы бельканто дәстүрінің жандануына куә боласыз.
Альбина Шагимуратова – Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, Татарстан Республикасының халық әртісі, Ғабдолла Тоқай атындағы Татарстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, халықаралық байқаулардың лауреаты, соның ішінде П.И.Чайковский атындағы XIII халықаралық байқаудың I сыйлық лауреаты және алтын медалі иегері (Мәскеу, 2007).
Ол Метрополитен-опера, Ковент-гарден, Ла Скала, Вена мемлекеттік операсы, Бавария мемлекеттік операсы, Берлиндегі Неміс операсы, Сан-Франциско операсы, Ресейдің Үлкен театры және басқа да еуропалық әрі америкалық ірі опера театрлары мен концерттік залдарының сахналарында табысты өнер көрсетті. Зальцбург, Глайндборн, Эдинбург, «Би-би-си Промс» сынды беделді халықаралық фестивальдерде шақырылған солист ретінде өнерін паш етті.
Концерт бағдарламасында Альбина Шагимуратова шақырған әртістердің, сондай-ақ «Астана Опера» театрының солистері мен симфониялық оркестрінің орындауында орыс және батыс еуропалық композиторлардың операларынан көріністер, ариялар мен дуэттер бар. Дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерболат Ахмедьяров.
Барша өнерсүйер қауымды ұмытылмас әсерге бөленуге шақырамыз!
ОРЫНДАУШЫЛАР:
Альбина ШАГИМУРАТОВА (сопрано), Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, Татарстан Республикасының халық әртісі, Ғабдолла Тоқай атындағы Татарстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
«Астана Опера» симфониялық оркестрі
Дирижер – Ерболат АХМЕДЬЯРОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:


