«Анамның жаққан ошағы» концерті
«Анамның жаққан ошағы» айдарымен өтетін кеш халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты, әнші, сырнайшы (баян) Нұрасылова Гүлнұрдың шығармашылығына арналады.
Гүлнұр Тұрсынмұратқызы өнерсүйер қауымға композитор ретінде де танымал. Оның шығарған құлаққа жағымды, әсерлі әндері - тыңдаған жанның жүрегінен орын алғын туындылар. Мейрамбек Беспаевтың орындауындағы «Қолжетпесім» әнінің авторы Гүлнұр екенін тыңдарманның бірі білсе, бірі білмейді. Сонымен қатар, Г.Нұрасылованың шығармаларының басым көпшілігі Жетісулық ақындардың өлеңдеріне жазылған. Еліміздің танымал өнер жұлдыздары Гүлнұрдың туындыларын Мұқан Төлебаев атындағы халық аспаптары оркестрінің сүйемелдеуімен және жеке орындайды. Ал, «Жетісу» би ансамблінің бишілері Гүлнұрдың шығармасына қойылған әсем биін халыққа ұсынады.
Еліміздің өнер майталмандары:
Динара Кемелхан
Саят Медеуов
Индира Елубаева
Мейрамбек Беспаев
Сәкен Майғазиев
Мадина Сәдуақасова
Бейбіт Мұсаев
Оңал Азаматова
Азамат Үмбетов
Бақытгүл Абенова
Абылайхан, Ақмоншақ
Сая, Әбілтай Есенгелдиновтер
Мөлдір Айтбай, Айтық Тұрсынбай
Мади Дәуренұлы, Фариза Досбол
Нұрбол Сәдуақас
Марта Төлепберген
