Помощь без выходных:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 человек за последний час интересовались этим событием.

«Ашкөз қоян»

Купить билеты

«Ашкөз Қоян» спектакліне арналған пьесаны ҚР «Мәдениет саласының үздігі» Н.Насырова жазған. Қойылым мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларына арналған. Спектакль өмірін тек дүние жинауға арнаған аса ашкөз Қоян туралы баяндайды. Ол бар байлығын көбейтуді ғана ойлап, неліктен және кім үшін жинап жүргенін еш ойламайды. Уақыты өте келе үйі түрлі затқа толып, өзі далада, алаңқайда ұйықтайтын күйге жетеді. Алайда бір күні ол қиындыққа тап болған кішкентай Қоянды құтқаруға көмектесіп, өмірдің шын мәнін түсінеді. Өмірдің мәні мейірімді істер жасау екенін ұғады. Себебі жақсылық жасау - жиналған байлықтан да жүрекке әлдеқайда жағымды емес пе!