Помощь без выходных:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 человек за последний час интересовались этим событием.

Айгерім Аманжолова

Купить билеты

2026 жылдың 21 ақпан күні, сағат 18:00-де Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияның камералық залында «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Айгерім Аманжолованың жеке шығармашылық концерті өтеді. 

Музыкалық бағдарлама тыңдарманды вокалдық лирика, романстар мен опера ариялары арқылы түрлі стильдік кеңістіктерге жетелейтін болады. Концерт барысында әлемдік классикалық мұра мен қазақ композиторларының төл туындылары орындалады.

Кештің алғашқы бөлімі ХХ ғасырдың романстары мен опера репертуарынан құралады. Тыңдарман П.Чайковский, Дж.Пуччини, Ш.Гуно, Дж.Россини және В.Моцарт секілді композиторлардың туындыларын тыңдайтын болады. Бұл бөлімде Айгерім Аманжоловаға баритон Алтынбек Әбілда өз өнерлерін көрермендерге паш етеді. 

Концерттің екінші жартысында қазақ ән өнері көрініс табады. Ш.Қалдаяқовтың лирикалық әндері, халық әндерінің таңдаулы үлгілері және С.Мұхамеджанов пен Ө.Байділдаев шығармалары орындалады. Ұлттық нақышты «Сарыарқа» халық музыка ансамблінің ерекше орындауы толықтыра түседі. 

Концерт өнер сүйер қауымға рухани ләззат сыйлап, классикалық музыканың көркем болмысын танытатын мазмұнды өнер кешіне айналмақ.