Помощь без выходных:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 человек за последний час интересовались этим событием.

BAYAN TIME

Купить билеты

Халықаралық конкурстардың лауреаты Нұржан Маймақовтың қатысуымен өтетін ерекше музыкалық кешке шақырамыз!

Бұл кеште баян аспабының мүмкіндігі мен терең үні жаңа қырынан ашылып, классикалық және заманауи музыканың көркем үйлесімі ұсынылады.

Жоғары деңгейдегі орындаушылық, шынайы эмоция және кәсіби шеберлік тыңдарманды ерекше әсерге бөлейді.

Кеш қонақтары:

- Камералық оркестр

- Көркемдік жетекшісі және дирижері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Али Ермекбаев

- Лондон Корольдік музыка академиясының магистрі, PhD докторы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ішекті аспаптар кафедрасының профессоры Диана Махмуд (альт)

- А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ «виолончель және контрабас» бөлімінің педагогы Айманжан Гильманова (виолончель)

- Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Азамат Құдайберген (виолончель)