«Бекзат» Премьера!
Түркістан музыкалық драма театры өзінің V маусымын халық қаһарманы, Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың жарқын бейнесіне арналған жаңа қойылыммен ашады.
Қуат Ежембектің «Бекзат» драмасы – тек бір спортшының тағдыры емес, тұтас бір ұлттың арманын арқалаған қайсар ұлдың өмір жолы. Шығармада балалық шағынан бастап шаршы алаңдағы жеңістеріне дейінгі күресі, ата-анасының үміті мен алаңы, бапкерінің сенімі, жастықтың албырттығы және арманға адалдығы суреттеледі.
Бұл қойылым – намыс, ар, рух, жеңіске деген жігер жайлы. Сондай-ақ көрерменге «ертеңге сену», «арманың үшін күресу» секілді биік ұғымдарды тағы бір мәрте еске салады.
Актерлар: Қадыржан Төреханов, Данияс Нұрқабден, Аида Серікова, Темірлан Еркінғалиев, Мұзафар Ғалымжанұлы, Дінмұхаммед Алпысбек, Ақ-Сұлтан Әнуарбек, Мерей Құдайберген, Шерхан Саматұлы, Ұлан Әділбек, Шұғыла Жәнібекова, Болатбек Оспан, Ақбөпе Сабет, Инабат Абытхан, Досымжан Арқабеков, Темір-Сұлтан Мейірбек