Помощь без выходных:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 человек за последний час интересовались этим событием.

Бейтаныс әйелдің хаты... ПРЕМЬЕРА!

Купить билеты
Купить билеты

Махаббат - адамның жанын тазартып, өмірге мән беретін ұлы күш. Алайда оған немқұрайлықпен қарау - ең үлкен рухани қателік. Австриялық жазушы Стефан Цвейгтің «Бейтаныс әйелдің хаты» атты туындысы - мәңгілік махаббаттың үнсіз мұңға айналған хикаясы. Новеллада бір әйелдің ғұмыр бойы сүйіп өткен адамына жазған соңғы хаты арқылы оның ішкі әлемі, жан азабы мен нәзік сезімдері ашылады.

Иә, әйелдің тағдыры - үнсіздік пен құрбандыққа құрылған тағдыр. Оның махаббаты - еш жауап күтпеген, пәк әрі шынайы сезімнің символы. Ол өмірінің соңында ғана бар шындығын хатқа түсіріп, оны өзінен бейхабар сүйіктісіне аманаттайды. Бұл хат - махаббаттың соңғы тынысы, жанның ең соңғы айқайы.

«Бейтаныс әйелдің хаты» - адамның ішкі жан дүниесіне терең бойлайтын психологиялық драма. Сүйіспеншіліктің шексіздігі мен қайтарымсыздығы, әйел жүрегінің нәзік сырлары мен жан қасіретінің айнасы. Қойылым сезім мен үнсіздік, үміт пен қайғы, рух пен тән арасындағы мәңгілік тартысқа жетелейді. Осы арқылы спектакль адам жүрегіндегі адалдық пен мейірімнің, рухани сұлулықтың құнын жоғары қояды.

Кейіпкерлер:

Әйел - Айнұр Рахипова,
Наурыз Сабағатова
Қыз - Әйгерім Түсіпбекова
Бойжеткен - Перизат Жәрдемова
Жүкті - Жамал Нұржаубекова
Толғақты - Айбибі Іскендірова
Ана - Қаламқас Мелисова
Сатылған - Лаззат Қуанышова
Жазушы - Асланбек Жанұзақов
Шешесі - Айнұр Рахипова, Наурыз Сабағатова