Дариға-дәурен
2025 жылдың 5 желтоқсан күні, сағат 17:00-де Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының концерт залында қазақ поэзиясының алыбы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті ақын, аудармашы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Несіпбек Айтұлының 75 жылдығына арналған «Дариға-дәурен» атты еске алу кеші өтеді.
Қазақтың жыр көгінде қолтаңбасы бөлек, қара өлеңнің қара нарындай дара ақынның еске алу кеші қаламгердің өмірі мен өнерін, жырдан өрілген тағдырын, ұлт рухын жаңғыртқан мәңгілік мұрасын дәріптеуге бағытталады.
Кешке Секен Тұрысбек, Рамазан Стамғазы, Клара Төленбаева, Айгүл Елшібаева, Бағлан Бәбіжан, Бибігүл Қилымхан, Ерлан Рысқали, Асқар Мұқият, Айгерім Нартүйе, Перизат Тұрарова, Сәулежан Тақзия, Өзгеріс Шерікбай сынды өнерпаздар және Астана қаласы әкімдігінің Жастар театры, Музыкалық жас көрермен театры, Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма театры актерлері ат салысады.
Концерт жүргізушілері: Әділ Ахметов, Назерке Серікболова.
