Естілмейтін үн
«Естілмейтін үн» - зорлық-зомбылық туралы үнсіздіктің қабатын жарып өтуді мақсат еткен иммерсивті спектакль. Қойылымның драматургиясы шынайы өмірде естілмей қалған әйелдердің дауысына негізделген. Көрермен дәстүрлі бақылаушы емес – оқиғаның тікелей куәгері, кеңістіктегі әрбір қозғалыс, дыбыс пен инсталляция оның жеке тәжірибесіне айналады.
«Oramal» атты 133 орамалдан тұратын инсталляция арқылы спектакль қаза тапқан әйелдердің есімін жоқтамай, олардың үнін қайта тұрғызады. Қойылым физикалық көріністерге жүгінбей, би, мәтін, хор және жарық арқылы зорлықтың көзге көрінбейтін, бірақ жанға бататын сипатын ашады.
Бұл - қоғамға қойылған сұрақ. Үнсіздікке қарсы қойылған үн. Әйелдердің өмірі үшін жасалған ұжымдық естелік пен жауапкершілік кеңістігі. «Естілмейтін үн» көрерменді қауіпсіз ортада ауыр шындықпен бетпе-бет келтіріп, үнсіздікке үйреніскен сананы оятуды мақсат етеді.
Актерский состав:
Алтынай Нұрбек
Серікболова Назерке Серікболқызы
Есіркеп Еркебұлан Ерланұлы
Сарсенгазина Анара
Төлегенова Анэль Төлегенқызы
Оразбақ Әмірхан Маратұлы
Нұрхайдарова Сағыныш Асқарқызы
Малғаждарова Аяужан Серғазықызы
Советжанова Дария Ерболовна
Жағыпаров Нариман Алдабергенұлы
Рассказать друзьям
Рекомендуем также:
Национальный музей РК
Бэтмен 2 (2026)
