Помощь без выходных:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 человек за последний час интересовались этим событием.

Гауһартас. Түркістан қаласында

Купить билеты
Купить билеты
Купить билеты

«Гауһартас»  –  қазақ даласындағы қарапайым шаруа шаңырағының қыр-сырын сонау 1975 жылдан бүгінгі күнге дейін  жеткерген шығарма.  Оқиға бір үйдің екі баласының екі түрлі тәрбиесі, бірінің қаталдығы, ал екіншісінің мейірімділігімен ерекшеленеді.

Осындай отбасыға – таң шапағатын сыйлаған Салтанаттың келін болып түсуі, оның әнге құмарлығы, жібектей мінезіне ата-енесінің дән риза болуы  шығарманы ширата түседі. 

Шығармада екі жастың арасындағы махаббат қана емес, екі түрлі махаббат орын алады. Оның біріншісі Салтанаттың күйеуі Тастанға деген махаббаты болса, екіншісі Қайыркеннің жеңгесі Салтанатқа деген шексіз махаббаты еді...

Актерлік құрам: 

  1. Салтанат (жас келін) – Инабат Ризабекова, Мақпал Дүйсен, Гүлдана Әбдісадық, Жансая Өмірбекова.
  2. Тастан (Салтанаттың күйеуі, шопан) - Оразалы Игілік, Сұлтан Кеңшілік, Мұхамедсаид Бағашаров, Аққанат Қуандықов.
  3. Қайыркен (Салтанаттың қайнысы) –  «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Асылхан Төлепов, Дінислам Нұрмағамбетов, Дидар Төлегенов.
  4. Әке (шопан, Тастанның әкесі) – Қазбек Есқара, Армат Амандықов.
  5. Ана (Тастанның анасы) –  «Ерен еңбегі үшін» медалінің, «Құрмет» орденінің иегері Майра Омар, Қалима Наушабаева, Дана Қабылова.
  6. Әскербек (ауыл клубының меңгерушісі) – Саламат Мұқашев, Ернар Мұхамбет, Әлихан Әлішер.
  7. Дәрігер (фельдшер) – Лаура Аязбаева.
  8. Дәрігер (ер адам) – Бибол Байғараев.
  9. Балакүл жеңге – Мөлдір Әбілтаева.
  10. Райхан жеңге – Жанель Есенгельдина.

       

Көпшілік сахнада: театр артистер