«Ғажайып әлем» ертегісі
Бұл қойылым көрерменді сиқыр мен аңызға толы тылсым әлемге жетелейді.
Баяғыда жарық пен ізгілік билік құрған елде адамдарды қорғайтын киелі мұра – сиқырлы аса сақталған еді. Бірақ зұлымдық күші оянып, мұраның құпиясы жоғалады.
Көп жылдар өткен соң, әділдікке сенген жас батыр Али мен оның достары жоғалған мұраны табу үшін қауіпті әрі ғажайып сапарға аттанады.
Олардың жолында адалдық пен сатқындық, достық пен қорқыныш, күлкі мен күрес қатар өрбиді.
«Ғажайып әлем» – жақсылықтың жеңісі мен адам жүрегіндегі мейірімнің мәңгілік құдіретін дәріптейтін әсерлі ертегі.
Бұл ертегінің ерекшелігі балалар мен жас көрермендерге берер тәрбиелік мәні зор сондай-ақ заманауи сахналық шешімдермен ерекшеленеді.
Режиссер: Мерей Маханов
Көркемдік жетекші: Мадина Муратпекова
Композитор: Ақжол Өмірзақов
Балетмейстер: Ұланғасыр Елғонды
Спецэффект қоюшы: Даулет Муратпеков
Сценограф: Ербол Кантураев
Жарық бойынша суретші: Даурен Самашов
Костюм бойынша суретші: Бахытгүл Егембердіқызы
Грим бойынша суретші: Адэль Нұрқасымова
