«Қазақстан» қазақ оркестрі
Астана қаласы әкімдігінің «Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы» Қазақ оркестрінің ұйымдастыруымен өтетін, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, белгілі композитор Мәкәлім Қойшыбаевтың 100 жылдығына арналған «ҚАЗАҚСТАН» атты концерті өтеді.
Концерттік кеште, Қазақ оркестрінің сүймелдеуімен Мәкәлім Қойшыбаевтың Қазақ оркестріне арналған III бөлімдік симфониясы, әндері мен шығармаларын көрермендерге тарту етеді.
Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижёры: Қазақстанның Халық әртісі, профессор - Айтқали Жайымов. Дирижёр: Мәдениет қайраткер, композитор – Нұрлан Бекенов. «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты – Алтынбек Әбілда (баритон), Халықаралық байқаулардың лауреаттары – Нұрқанат Тапиев (тенор) және Әйгерім Темірбекова (сопрано)
