Қожа Ахмет Ясауи кесенесі кешені
1. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі кешені
Тарихы: 1977 жылы 28 наурызда «Республикалық Қожа Ахмет Ясауи кесенесі сәулет ғимараты музейі» ретінде ашылды. Музей алғашқы келушілерін 1978 жылдың 30 қыркүйегінде қабылдап, өз жұмысын бастады. 1989 жылы 28 тамызда Қазақ ССР Министрлер кеңесінің №256 қаулысымен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» болып құрылды.
2023 жылы 19 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің №415 Жарлығымен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына еліміздің музей-қорықтары арасында алғашқы болып «Ұлттық» мәртебе берілді.
Миссиясы: Музей-қорыққа қарасты 45 тарихи-мәдени ескерткіш бар. Олардың ішіндегі 1- халықаралық, 24-республикалық, 1- жергілікті, 19- алдын-алу есепке алу тізіміне алынған.
Түркістанның бас жәдігері болып табылатын, Халықаралық дәрежедегі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ортағасырлық теңдесіз сәулет туындысы ретінде 2003 жылы ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне алынды.
Әлемдік маңызға ие болған ескерткіштің ұлттық пантеон ретіндегі алар орны да айрықша. Музей-қорық Қожа Ахмет Ясауи кесенесімен бірге Үлкен қылует (жер асты мешіті, ХІІ ғасыр), Әулие Құмшық Ата қылуеті (ХІІ ғасыр), Тәуке хан кесенесі (ХIV–ХVI ғасырлар), Ұлықбектің қызы, Әбілқайыр ханның зайыбы Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі (ХV ғасыр), Шығыс моншасы (ХVІ–ХVІІ ғасырлар), Есім хан кесенесі (ХVІІ ғасыр), т.б. археологиялық, тарихи-сәулет және бейнелеу өнерінің үздік ескерткіштерін қамтиды.
«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты тарихи ескерткіштерді сақтау, қорғау, зерттеу, насихаттау, оны туризм аймағына айналдыру және қазба орындарына археология, реставрация, консервация жұмыстарын ұйымдастыру міндеттерін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы» қазыналық кәсіпорны жүзеге асырады.
Коллекция: Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен кесене төңірегінде Жолбарыс хан, Есім хан, Жәңгір хан, Тәуке хан, Абылай хан, Қаз дауысты Қазыбек би, Жәнібек батыр, Бөгенбай батыр, т.б. 300-ден аса тарихи тұлғалар жерленген болса, музей-қорық мамандарының зерттеулері нәтижесінде сол тұлғалардың бүгінде 239-ы анықталды. Музей-қорықтың қорында 26 289 дана құнды тарихи жәдігерлер қордаланған.
Жәдігерлер келесі төрт ғылыми классификацияланған топқа бөлінген:
- Археологиялық жәдігерлер тобы - 5787 дана
- Этнографиялық жәдігерлер тобы - 2861 дана
- Жазба ескерткіштер тобы - 1049 дана
- Нумизматикалық жәдігерлер тобы - 14 301 дана
- Құжаттар-фото құжаттар тобында – 2291 дана
Музейде болу тәртібі мен талаптары
1) Музей қызметкерлерінің нұсқауларын орындау;
2) Қол жүгін, сөмкелер, жолдорбалар, кейстерді ұяшықта сақтау;
3) Музей аумағында көлемді қол жүктерімен жүрмеу;
4) Билетті экспозицияны қарау аяқталғанша сақтап, әкімшіліктің талап етуімен көрсету;
5) Келушілердің немесе музей қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін қауіпті жағдайларды музей қызметкерлеріне хабарлау;
6) Қараусыз қалған заттар табылған жағдайда музей қызметкерлеріне хабарлау;
7) Музейге етек-жеңі қысқа емес киім үлгісімен кіру;
8) Балалар мен мектеп оқушылары үшін балаларға жауапты жетекшінің болуы талап етіледі.
1-2 топ мүгедектігі бар адамдар мен 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға және оларды
Билетті сатып алған күннен бастап музейге кіру уақытына 15 сағат қалғанға дейінгі мерзімде қайтаруға болады.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің шетелдік азаматтарына – 1500 теңге
Өзге мемлекеттердің шетел азаматтарына – 2000 теңге
Экскурсия Қожа Ахмет Ясауи кесенесі - Қазақ және орыс тілдерінде – 3000 теңге
Экскурсия Қожа Ахмет Ясауи кесенесі - Ағылшын тілінде – 5000 теңге
Экскурсия Қожа Ахмет Ясауи кесенесі - Мектеп жасындағы балаларға қазақ, орыс және ағылшын тілінде – 1000 теңге
Экскурсия Қылует жер асты мешіті - Қазақ және орыс тілдерінде – 3000 теңге
Экскурсия Қылует жер асты мешіті - Ағылшын тілінде – 5000 теңге
Экскурсия Қылует жер асты мешіті - Мектеп жасындағы балаларға қазақ, орыс және ағылшын тілінде – 1000 теңге
Экскурсия Шығыс моншасы - Қазақ және орыс тілдерінде – 3000 теңге
Экскурсия Шығыс моншасы - Ағылшын тілінде – 5000 теңге
Экскурсия Шығыс моншасы - Мектеп жасындағы балаларға қазақ, орыс және ағылшын тілінде – 1000 теңге
Рассказать друзьям
Рекомендуем также:
Бэтмен 2 (2026)
Джон Уик 5
Ассасин: Смертельная битва ...
