«Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» М. Әуезов театры гастрольдік сапармен Ақтау қаласында
«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» спектаклі араға жылдар салып, театрымызда қайта сахналанып отыр. Түркі жұртына ортақ қазына болып табылатын туындыны демеушілік жасап, қарашаңыраққа қайтарған – «Bayan Sulu» кондитерлік фабрикасы.
Ғашықтар зарына тас керең ғасырда дүниеге келіп, жақын-жуықтарынан қолдау таппай, бақиға аттанып кете барған қос мұңлықтың махаббат оқиғасын ұлы қаламгер Ғабит Мүсірепов кезінде өз пьесасына өзек еткен еді. 1940 жылдың 29 сәуірінде Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында алғаш рет көрермен назарына ұсынылған туынды бүгінгі күнге дейін үлкен сұранысқа ие.
Сонымен, Махаббат символына айналған Қозы мен Баян өздерінің шерлі тарихымен тағы бір мәрте бөліспек.
Қоюшы-режиссер - Ә. Рахимов Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері
Қоюшы-суретші - М. Сапаров
Киім суретшісі - Б. Әбдіманапова
Балетмейстер - Г. Мухамеджанова
Сахна қозғалысы - А. Байлин
Актерлік құрамда:
Қозы – М. Асаубай @magzhanturys
Баян – И. Құлмағамбетова @indilek_k
Қодар – Ғ. Оспанов @galym_ospanov
Жантық – Н. Әбілов @nurlan_abilov
Қарабай – Б. Тұрыс @bekzhan_turys
Мақпал – К. Шаяхметова @kunsulu_turgynbekkyzy
Күнікей – Г. Жакупова @dzhakupova_gulnara
Жарқын – Ж. Толғанбай @zhalgas.tolganbay
Айдар – Ғ. Құлжанов @ganikulzhanov
Таңсық – А. Ағымбай @agimbaevaa