Помощь без выходных:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 человек за последний час интересовались этим событием.

Любовь поэта

Купить билеты

Роберт Шуманның 215 жылдығына арналған концерт

2025 жылдың 17 мамыр күні Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның камералық залында классикалық вокал бөлімі солистері неміс романтизмінің көрнекті өкілі, ұлы композитор Роберт Шуманның 215 жылдығына арналған «Любовь поэта» концерті өтеді. Басталуы 17.00

Бұл музыкалық кеште поэзия мен әуеннің үйлесімді үндестігін паш ететін екі вокалдық цикл көрермен назарына ұсынылады. Шуман шығармашылығының шарықтау шегіне айналған қос туынды - «Любовь поэта» мен «Любовь и жизнь женщины» - кештің өзегін құрайды. Бұл шығармалар 1840 жылы, композитордың ерекше шабытқа бөленген кезеңінде дүниеге келген. Сол жылы Шуман 140-тан астам романс жазып, романтикалық вокалдық музыканың көкжиегін кеңейтіп, тың серпін әкелді.

«Любовь поэта» Генрих Гейне өлеңдеріне жазылған. Шығармада ер адамның махаббаты мен жүрек жарасы бейнеленеді. Әуен мен сөздің терең байланысы сезімнің асқақтығын әсерлі жеткізеді. Бұл туындыны Азамат Желтыргузов орындаса,  концертмейстер -  Роза Шоткалиева.

Ал «Любовь и жизнь женщины» циклі - Адальберт фон Шамиссоның лирикасына негізделген. Шуман бұл шығарма арқылы әйел жанының нәзік иірімдеріне терең бойлайды. Циклде алғашқы сезім, отбасылық өмір, ана бақыты және сүйіктісінен айырылу секілді кезеңдер көркем өріледі. Соңғы романс - сүйікті жарынан айырылған әйелдің мұңды зары -  шығарманың эмоциялық шарықтау шегі. Туындыны Бибігүл Жанұзақ орындайды, концертмейстер - Роза Шоткалиева.

Бұл кеш - Р. Шуман шығармашылығына жасалған құрмет қана емес, сонымен қатар музыка мен поэзияның терең үйлесімін сезінетін тағылымды мәдени оқиға болмақ.