97 человек за последний час интересовались этим событием.
Махаббат станциясы. Премьера!
«Махаббат станциясы» – «ARSHA» театрының тұсаукесер туындысы.
Бұл – көзден кетсе де көңілден кетпейтін аяулы жандар туралы хикая. Олар бір-біріне ғашық болды. Риясыз сүйді. Бірақ мектеп бітіргеннен кейін тағдыр оларды сан тарапқа лақтырды. Арада өткен уақыт олардың сезімін өшіре алды ма? Бәлкім, сан жылдардан кейінгі кездесу – бала ғашықтарға берілген соңғы мүмкіндік болар? Әлде өткеніміз балалықтың тәтті елесі болып қала беруі керек пе?
Бұл – өмірде бір рет те болса асылын жоғалтқан әрқайсымыз туралы хикая. Ұмытпағандар, ұмытылмағандар, күткендер, сенгендер жайлы хикая.
Ал басты рөлдегі баршамыз білетін әнші Ғазизхан Шекербекті бұл хикаяда жаңа қырынан танисыз. Келіп көріңіз, қадірлі дос!
Рассказать друзьям
Не хватает информации? Напишите нам, мы добавим!
Рекомендуем также:

от 25 смн.
MINECRAFT в кино