«МУЛЬТИ ЖАҢА ЖЫЛ»
Айрықша мерекенің келуіне орай бейне құттықтау түсіріп жүрген Ақшақар мен Кикидің көз алдында күтпеген жерден мультиәлем порталы ашылып, басқа ғаламнан Диппер есімді саяхатшы бала пайда болады. Ол әпкесі Мейбльдің жоғалып кеткенін, бұл әлемге іздеп келгенін айтып, көмек сұрайды. Қызықты ойындар мен көңілді билер арқылы жинақталған шаттық энергиясы арқылы сиқырлы порталды іске қосып, жаңа достар бірігіп, мультиәлемге көңілді сапарға аттанады. Түрлі ғаламдарға саяхат жасап, Лило мен Стич, Эш пен Пикачу, Наруто сынды әйгілі қаһармандармен танысып, мейірімді Аяз Атаның көмегімен ертегілер әлемі – Қуыршақтар еліне жол тартады.
Балаңыздың қиялына қанат бітіріп, жүрегін қуанышқа толтыратын сиқырлы «Мульти Жаңа жыл» ойын-сауықтықтық бағдарламасын жіберіп алмаңыздар.
Бағдарлама барысында көрермендерді ғажайып оқиғамен қатар интерактивті ойындар, флешмобтар, әсем әндер күтеді.
Рассказать друзьям
Рекомендуем также:
Ассасин: Смертельная битва ...
