Помощь без выходных:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 человек за последний час интересовались этим событием.

«Наурызым сәнім – Әнім»

Купить билеты

14 Наурыз күні Астана қаласы әкімдігі Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының Халық әні бөлімі «Наурызым сәнім – Әнім» атты концерттік бағдарламасын ұсынады. Мерекелік кеш Наурыз мейрамына арналған, көктемнің жарқын шуағы мен халық әндерінің әуенін тоғыстырады.

Концертте халық әндері мен танымал композиторлардың шығармалары орындалып, қазақ халқының бай музыкалық мұрасы насихатталады. Кеш шымылдығы М. Жанболатовтың «Ән домбыра» шығармасымен ашылып, Біржан салдың «Айтбай», «Көкек», Абайдың «Көзімнің қарасы», Әсет Найманбайұлының «Қоңыр қаз» әндері орындалады.

Сондай-ақ, Жақсыкелді Маясаров, Данияр Мұқан, Зинат Қасымова, Алуа Қалымбекова, Айдос Оңғарбай, Нұрайым Ерталапқызы сынды дәстүрлі ән өнерінің майталмандары өнер көрсетеді.

Кеш барысында халық әндерімен қатар, Нұрғиса Тілендиевтің «Құстар әні», Гүлнар Дәукенованың «Сағым жылдар», А. Жұмашевтің «Наурыз вальсі» секілді шығармалары орындалады.