RETRO CONCERT в Караганде
18 желтоқсан күні сағат 19:00-де Кеншілер Мәдениет сарайында Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының Қ.Жұмакенов атындағы үрлемелі оркестрдің қатысуымен көптен күткен ерекше концерт - «RETRO CONCERT» өтеді. Бұл музыкалық кеш француз және итальян өнерінің жауһарларына арналады.
Кеш барысында көрермендер ХХ ғасырдың ең жарқын әуендеріне сапар шегіп, ретро музыкасының ерекше атмосферасын сезіне алады. Концерт бағдарламасына әлемдік эстрада классикасына айналған туындылар енгізілген. Шарль Азнавур, Эдит Пиаф, Мишель Легран, Адриано Челентано, Мирей Матье, Джо Дассен, Ricchi e Poveri, Тото Кутуньо сынды ұлы орындаушылардың әндері филармония сахнасында қайта жаңғырады.
Филармонияның танымал солистері мен оркестрдің кәсіби орындау шеберлігі әр шығарманы ерекше мәнермен жеткізіп, тыңдарманды нәзік сезім мен әуезге толы музыкалық әлемге жетелейді. Жанды дауыс пен оркестрдің әсем үйлесімі кештің әсерін айшықтай түседі.
«RETRO CONCERT» – бұл музыка мен махаббаттың, сұлулық пен шабыттың тоғысқан сәті. Франция мен Италияның аңызға айналған әуендері филармония сахнасында шырқалып, көрерменге ұмытылмас әсер сыйламақ
