Помощь без выходных:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 человек за последний час интересовались этим событием.

«Сезім хаттары» М. Әуезов театры гастрольдік сапармен Түркістан қаласында

Купить билеты

Сіз бір уақытқа қолыңызға қалам алып, сүйіктіңізге хат жазу туралы ойлап көрдіңіз бе? Әлде технологиялық дистанцияға қанық бұл заманда хат жазу әбестік деп ойлайсыз ба?

Бірақ әркімнің жүрегінің түкпірінде сүйіктісіне айта алмай кеткен құпия сырларының әлі де болса шаң басып жатуы мүмкін ғой... Білесіз бе, біздің гаджеттер арқылы эмоциясыз жазып жүрген қысқа хаттарымызға қарағанда өз қолымызбен хат жазудың әсері мүлде бөлек... Сенбесеңіз, байқап көріңіз! Дәл сіз үшін театрымыздың жастары еркін атмосфераға негізделген «Сезім хаттары...» лиро-эстетикалық поэтикалық кешін назарларыңызға ұсынғалы отыр.

Бірақ, ол үшін бізге сіздің көмегіңіз керек. Аталмыш жобада оқылатын хатты бізге жазып жіберуіңіз керек. Осылайша кештің басты кейіпкері сіз боласыз. Иә, иә, дәл сіздің жазған хатыңыз сахнаға шығуы мүмкін. Өткізіп алмаңыз, сізге автор болуға мүмкіндік туып тұр!

Актерлік құрамда:

Қасым Демеу @kasymdemeu

Мағжан Асаубай @magzhanturys

Әлсейіт Есбатыр @alseitesbatyr

Әділет Базарбай @adletbazarbai

Айша Ағымбай @agimbaevaa

Индира Құлмағамбетова @indilek_k

Райымбек Бекет @n.raiim

Мейрамбек Тағанов @meirambek_taganov

Ғалым Амангелдіұлы @amangeldiuli

Есхат Тілеухан @tileukhan_eskhat