«Сыған серенадасы» М. Әуезов театры гастрольдік сапармен Ақтау қаласында
Әйгілі Шәмшінің жүрек шымырлатар, сезім серпілтер құдіретті әндері әрбір қазақтың аузында. Сол сұлу әндер өмірге қалай келді? Жалпы Шәмшінің өз тағдыры, өз махаббаты туралы не білесіз? Еріксіз биге жетелеп, махаббатпен тебірентер Сыған серенадасы. Осы бір әнді оятқан Сыған қызы Изольда жайлы естігеніңіз бар ма?
Ән махаббаты Шәмші тағдырын тоқайластырған Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» атты поэтикалық драмасы сахнада осы тұрғыда сыр шертеді. Әуенге толы драма әсерге де толы.
Актерлік құрамда:
Шәмші - Б. Тұрыс @bekzhan_turys
Изольда - М. Келгенбай @madina_kelgenbai
Барон - Б. Манжігітов @baur_akter
Баронесса - Г. Джакупова @dzhakupova_gulnara
Алеко - А. Лепесбаев @alihan_lepesbaev
Апа – К. Шаяхметова @kunsulu_turgynbekkyzy
Сағыныш - Ұ. Райханова @raikhanovaaa_
Абзал - Д. Шыныбек @darynshinibek