«ТУК-МАР» Қонақ Үйі. Премьера!
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, театрымыздың үлкен буын актері Ербол Есендосовтың 50 жас мерейтойына арналған арнайы кеші.
Осыған орай, Аманжол Қазыбектің комедиялық жанрда жазылған «ТуК-МаР Қонақ үйі» атты комедиялық спектаклі сахыналанады. Қойылымда алаяқ екі кейіпкер: қонақ үй қызметкері, басшысы әрі тазалықшысы Тукмар мен тек баюды мақсат еткен Розалина Бейкердің әрекет-диалогтары орын алған. Розалина Бейкердің де көздегені – оңай олжа табу, мүмкіндігі келсе қалталы азаматтарды пайдалану. Ол ақша ұсыну арқылы Тукмар мақтаған ер-азаматтардың шендерін, атақ-даңқын сұрап-білуде қысылмайды.
Жалпы алғанда алаяқтық жолмен баю, бірін-бірі (өзін-өзі) алдау оқиғалары суреттелетін бұл қойылымда шытырман оқиғаға толы әрекеттермен шиленісе түседі. Аталған спектакль күлдіре отырып, ойлантар тұстары бүгінгі күннің бейнесін еріксіз көз алдыңа әкелетіндей.
