Маэстро Алан Бурибаевтың ерекше Жаңа жылдық концерті Almaty Theatre-да
Әр жылдың соңында, жаңа жыл қарсаңында тартымды маэстро, әлемдік деңгейдегі дирижёр Алан Бурибаев Алматыға оралып, тек бір ғана рет Almaty Theatre сахнасында өнер көрсетіп, қаланы музыкамен шынайы өмірге оятатын ерекше кеш сыйлайды.
«Веналық классика» мен «Париж. Қала дыбыстары» концертерінен кейін, биылғы маусымда Нью-Йорктың даңқты 20-жылдары сахналанады: мегаполис ритмі, еркіндік рухы және америкалық музыка алтын дәуірінің энергиясы. Сіз Джером Керннің, Винсент Юманстың, әрине Джордж Гершвиннің және әлі күнге дейін әлемді шабыттандыратын басқа да композиторлардың туындыларын естисіз. Ал бұл тек бастамасы ғана.
Кештің ерекшелігі:
Маэстро дирижерлік етіп қана коймай, залмен тілқатысуға түседі, әр шығарманың тарихын ашады, мәдени контекстке енгізеді, автордың ой мақсатын түсіндіреді. Бұл жай концерт қана емес - Almaty Theatre-ден басқа еш жерде көре алмайтын жанды, интеллектуалды перформанс.
Алан Бурибаев - жетекші опера театрлар мен концерт залдары назарын аударатын дирижёр. Ол Лондонда Корольдік филармония оркестрінде, Берлин симфониялық оркестрінде, Токио NHK симфониялық оркестрінде жұмыс істеді, Финляндия, Германия, Венгрия, Францияда опера қойылымдарын жүргізді, әлемдік сахналарда қазақ музыкасын таныстырды.
Халықаралық қойылымдары сыншылар талқысына түсіп, ал концерт залдары оның репертуарын асыға күтеді.
Тек бір рет. Тек Алматыда. Тек Almaty Theatre-да.
2025 жылғы Жаңа жылдық концерт маусымның басты мәдени оқиғасы болмақ және өзіңізге немесе жақындарыңызға таптырмас сыйлық болмақ.
Бұл кеш шабыт, мерекелік көңіл-күй туғызады және үлкен өнермен жанасу сезімін сыйлайды.
Музыкалық сапардың бір бөлігі болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар. Нью-Йорк сіздерді күтуде!
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:
Иллюзия обмана 3
