тәулік бойы қолдау қызметі:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

Риголетто

Билет сатып алу
Билет сатып алу

Дж. Верди

«Риголетто»

3 бөлімді опера

В.Гюгоның «Кемедегі сауық-сайран» драмасы бойынша

Ф.М.Пиавенің Либреттосы Операның премьерасы

1851 жылғы 11 наурызда Венецияның Ла Фениче театрында өтті.

«Астана Операдағы» премьерасы – 2025 жылғы 3, 4 қазан.

Итальян тілінде орындалады

(қазақ және орыс тілдеріндегі синхронды аудармамен)

Ұзақтығы – 2 сағат 40 минут (екі үзіліспен)

Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз

Дирекция орындаушыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

«Риголетто» – әлемнің үздік он операсына енетін Дж.Вердидің айтулы туындыларының бірі. Ал Герцогтың әйгілі «La donna i mobile» әні классикалық музыкадан хабары жоқ жандарға да жақсы таныс.

Операның бел ортасында – өмірдің тәлкегіне ұшыраған ұсқынсыз сайқымазақтың қайғылы бейнесі. Ол бірегей ақылға ие, алайда сарайда қорлыққа толы рөл атқарады. Ол – асқан құмарлық иесі, ақсүйектерді жек көріп, жаратпайтын адам. Сонымен қатар Риголетто – мейірімді әке. Оның қызы Джильданың тазалығы қоғамның моральдық азғындығынан анық ерекшеленеді. Граф Монтероненің әкелік қайғысына келемеж қылғаны үшін тағдыр сайқымазақты жазалайды. Қызын масқаралап, ар-намысына нұқсан келтірген Герцогтан аяусыз кек алмақ болған Риголетто ақырында Джильданың еріксіз өлтірушісіне айналады.

Музыкалық драматургияда өмірінің мәнін ләззат алуға арнайтын азғын, ұшқалақ Мантуя билеушісі – Герцог және сорлы сайқымазақтың бейнелері қарама-қарсы қойылған. Осынау кереғар кейіпкерлер опера музыкасында айқын, психологиялық реңктері қанық түрде бейнеленген.

Десе де «Астана Операда» спектакль режиссері Арно Бернар Мантуя герцогын драматургия өзегі етіп, осы бейнеге өз түсіндірмесін ұсынады. Оны тамаша әрі батыл адам ретінде, өте ақылды, мәдениетті, өз кезеңі – Қайта өрлеу дәуіріне, яғни адам, оның денесі, ақыл-ойы, ішкі жан дүниесі танымның негізгі объектісі болып табылатын дәуірге байлаулы адам ретінде көреді. Бұл – көне заман ескерткіштерін ашу, зерделеу әрі жаңаша пайымдау дәуірі. Герцог – қанағатсыз, шыдамсыз, жаны бір жай таппайтын, тынымсыз, тапқыр және қызыққұмар адам.

«Риголетто» премьерасы 1851 жылғы 11 наурызда өтті. Спектакль зор табысқа ие болды, ал Герцогтың әні, композитор ойлағандай, тамаша әсер туғызды: театрдан шыққан көрермендер оның ойнақы әуенін шырқап немесе ысқыра әндетіп

бара жатты. Премьерадан кейін Верди: «Мен өзіме ризамын әрі бұдан артық енді ешқашан ештеңе жаза алмаспын» деп пікірін білдірген.

ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ

Қоюшы дирижер – Алан Бөрібаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

Қоюшы дирижердің ассистенті – Элмар Бөрібаев

Қоюшы режиссер – Арно Бернар

Қоюшы режиссердің ассистенттері – Ямала Ирмичи, Еренбақ Тойкенов

Декорациялар бойынша суретші – Риккардо Масирони

Декорациялар бойынша суретшінің ассистенті – Гүлмира Исемғазиева

Костюмдер бойынша суретші – Анна Верде

Костюмдер бойынша суретшінің ассистенті – Дариға Тайшықова

Бейне бойынша суретші – Серджио Металли

Бейне бойынша суретшінің ассистенті – Азамат Құттығожин

Жарық бойынша суретші – Якопо Пантани

Жарық бойынша суретшінің ассистенті – Карим Рамаш

Жобаның техникалық жетекшісі – Виктор Караре

Опера труппасының директоры – Талғат Мұсабаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ХОРЫ, ОРКЕСТРІ

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.