Помощь без выходных:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 человек за последний час интересовались этим событием.

Абай әлемі

Купить билеты

2025 жылдың 10 тамыз күні сағат 17:00-де Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның камералық залында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзовтің «Абай әлемі» атты концерті өтеді.

Бұл кеш ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр. Абай мұрасы - ұлт руханиятының мәңгілік темірқазығы. «Абай әлемі» - ақын шығармашылығына арналған музыкалық-поэтикалық құрмет, жаңаша көркемдік көзқараспен ұсынылған сахналық композиция болмақ.

Бағдарламада Абайдың өз әндерімен қатар, оның өлеңдеріне жазылған С. Мұхамеджанов, Т. Мұхамеджанов, Е. Рахмадиев, Н. Тілендиев, Н. Меңдіғалиев сынды көрнекті композиторлардың туындылары шырқалады. Сонымен қатар А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсынан ариялар орындалады.

Кеш қонағы - Фируза Рахметова.

Концертмейстер - Роза Шоткалиева.

«Абай әлемі» - бұл ұлттық рухқа тағзым, саз бен сөзге құрылған сырлы әлем. Абай мұрасын классикалық вокал арқылы жеткізу – рухани сабақтастықтың жарқын көрінісі.