97 человек за последний час интересовались этим событием.
Театр им. Ж.Аймаутова г. Павлодар

АБАЙ АЙТҚАН «ЕҢЛІК-КЕБЕК». Театр им. Аймаутова

Купить билеты

Абай атындағы Абай облыстық қазақ музыка-драма театры

АБАЙ АЙТҚАН «ЕҢЛІК-КЕБЕК»

Қазақ даласында ерте заманның елесінде кетсе де ел жадында әлі күнге аңыз-әпсана, дастан-жыр болып сақталған тарихи дүниелер жетерлік. Соның бірі «Еңлік-Кебек» лиро-эпостық дастаны. Бұл махаббат хикаясын Абай заманында ақынның жеткізуімен Шәкәрім мен Мағауия дастанға арқау етті. Кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезов тұңғыш рет сахналық нұсқасын жасап, қойылым ретінде көрермен назарына ұсынды.

Ал, бүгінде театр сахнасына жаңа тыныс алып, заман көкжиегіне лайықтап «Абай айтқан «Еңлік-Кебек» трагедиясы ретінде жол тартпақ. Қойылым сол дәуірдегі рушылдық талас-тартыстың, махаббат машаһатын, салт пен дәстүрге қиянат келтірмеген билеушісі бар елді, әділет іздеп сезімге зәру болған жастарды, тәрбиенің талабы тәртіп екенін талдап, деталь арқылы жеткізеді. Режиссер үш автордың шығармаларының басын қосып, бүгінгі күннің санасына жаңғырық бере отырып, әуенмен әлдилеп талғам таразысына салады.

«Абай айтқан «Еңлік-Кебек» трагедиясы жаңа үні бар жастарға тарихын танытатын, жаңашылдық сипат сыйлайтын тартымды дүние.