Әгугәй мен Игигай
«Әгугәй мен Игигәй» атты жасөспірімдер мен балаларға арналған музыкалық ертегі премьерасы. Халық ертегілері желісі бойынша құрастырылған музыкалық қойылымда ұлттық құндылықтарымыз - домбыра, халық әні, ұлттық киім, би, халық ертегілері дәріптеледі. Мақсат: тәрбие тал бесіктен дегендей, тектілігі тереңге тамырланған қазағымыздың ғасырлар бойғы озық тәжірибесін, дүниетанымын, өмірге көзқарасын өскелең ұрпақтың бойына сіңіріп, соған сай мінез - құлық қалыптастыруға ат салысу. Аталмыш қойылымда Әгугәй мен Игигәй атты (ойдан шығарылған) кейіпкерлердің көңілді – музыкалық баяндауы мен театрландырылған көріністер арқылы үш ертегінің тәрбиелік мән-мағынасы балаларға жеңіл де ойнақы түрде жеткізіледі. Келіңіздер, көріңіздер!
Кейіпкерлер:
- Әгугай-Құдайберген Айбек
- Игигай-Пиязов Тимур
- Егінші-Егінбаев Ерасыл
- Бектұрсын Қайратбек
- Абилбаев Рауан
- Түлкі-Джурабаева Кенжегүл
- Қайырғазина Айсәуле
- Қасқыр-Базаров Тілек
- Абдрахманов Нариман
- Шықбермес Шағайбай-Басшыбай Нәсіпжан
- Бесікбасов Оңдасын
- Алдар көсе-Арипов Дәулет
- Агайдаров Ерғали
- Бәйбіше-Аглакова Ұлжан
- Аманжолова Алма
- Арыстан-Бекбауов Рауан
- Ильясов Есенай
- Күйші-Исаев Нұрболат
- Уатқан Шаттық
- Ақ бөкен-Туралиева Айгерім