Помощь без выходных:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 человек за последний час интересовались этим событием.

«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Купить билеты

Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданының Берел ауылы маңында орналасқан «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық -мұражайы 2008 жылғы 4 шілде Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 674 Қаулысымен «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып ашылды.

Қорғандардың ең көнесі б.з.б. – IV-III ғасырлармен белгіленеді, бұл шамамен 2400-2300 жыл бұрын, ал ең соңғы ежелгі түрік заманындағылары - б.з. VII-VIII ғғ., бұл шамамен 1200-1300 жыл бұрын.

Ең алғаш болып 1865 жылы қазба жұмыстарды басқарған неміс археологы - Вильгельм Радлов болды және бұл объект ғылымда «Үлкен Берел қорғаны» деген атпен белгілі. Ал 100 жылдан кейін Берел жазығына Сергей Сорокинның басшылығымен РФ-ның Мемлекеттік Эрмитажы экспедиция ұйымдастырды. Бұл жұмыстар барысында В. Радловтың зерттеулері қорытындыланып, кейін арнайы мақала ретінде жарық көрді.

Обаларды жүйелі түрде зерттеу Зейнолла Самашевтың есімімен тікелей байланысты. Оның басшылығымен жүргізілген қазба жұмыстардың нәтижесінде 1998-1999 жылдары қолдан жасалған мәңгі мұздықтағы № 11 «Патша қорғанынан» сақ көсемі мен әйелдің және ер тоқымымен бірге жерленген 13 жылқының мүрдесі табылды, оған қоса патшаның салтанат киімі, мініс аттардың ат әбзелдері, ағаштан, былғарыдан, киізден аң стилінде жасалған мыңнан астам қолөнер жәдігерлері табылды.

Бүгінгі таңда Берел – Отанымыздың теңдесі жоқ органикалық олжалар сақталған жалғыз ескерткіш.

Қорық-мұражайдың құрылу мақсаты оның құрамына кіретін тарих және мәдениеттің археологиялық ескерткіштерін олардың ішкі көріністерімен, тарихи қалпында және онымен байланысты аумақтарды қол тимеген түрде сақтау және қатаң ғылыми негізде қайта қалпына келтіру, аса көркем, мәнерлі ғылыми экспозициялардың түпнұсқалық мұражай жинақтары негізінде жылжымайтын ескерткіштер жасау болып табылады.

Қойылған мақсаттарды іске асыру үшін төмендегідей міндеттер орындалады.

1. Кәсіпорын аумағындағы тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, қорғау, зерделеу, консервациялау және пайдалану.

2. Кәсіпорын аумағындағы және қорларындағы мұражай құндылықтарын және тарихи-мәдени мұра объектілерін есепке алу, сақтау, қалпына келтіру және сақталуын қамтамасыз ету.

3. Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеу қызметі.

4. Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану саласындағы ғылыми-әдістемелік және ғылыми-ағарту жұмыстары.

5. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жылжымайтын ескерткіштер мен мұражай жинағын көпшілікке әйгілеу, ғылыми-ақпараттық және жарнамалық басылымдар дайындау.

6. Белгіленген тәртіппен тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану саласындағы бағдарламаларды, жобаларды әзірлеу және жүзеге асыруға қатысу.

7. Ескерткіштердің, тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының және мұражай заттарының заңдық қорғалуын қамтамасыз ету.