Помощь без выходных:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 человек за последний час интересовались этим событием.

«Искусство квартета»

Купить билеты

2026 жылғы 17 қаңтар күні сағат 17:00-де Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда Ғ. Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті квартеттің «Искусство квартета» атты концерті өтеді.

Бағдарламада веналық классикалық мектептің көрнекті өкілі Йозеф Гайднның №2 ішекті квартеті (op. 33), квартет жанрының философиялық әрі мазмұндық аясын кеңейткен Людвиг ван Бетховеннің №12 квартеті (op. 127) орындалатын болады. Сондай-ақ кеш аясында қазақстандық композитор А. Сағымбаевтың «Елім-ай» шығармасы шырқалып, ұлттық әуеннің заманауи камералық интерпретациясы ұсынылмақ.

Концертте өнер көрсететін ұжым құрамында:

* Айдар Тоқталиұлы - бірінші скрипка

* Алексей Лебедев - екінші скрипка

* Бекзат Сайлаубайұлы - альт

* Ернар Мыңтаев - виолончель

Квартеттің көркемдік жетекшісі - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ернар Мыңтаев.