Халықтың сұлу саздары
29 қаңтар күні сұлу Көкшенің төрінде асқақ әнімен ел жүрегін тербеп жүрген дәстүрлі әнші, Мәдениет саласының кәсіподақ үздігі Сәрсенбай Хасеновтің «Халықтың сұлу саздары» атты шығармашылық кеші өтеді.
Бұл кеш – ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ұлттық ән өнерінің асыл қазынасын насихаттап, халықтың рухы мен болмысын әуен арқылы сезіндіретін тағылымды кеш. Кеш барысында көрермендер дәстүрлі әннің көркемдік қуатын терең сезініп, халық жадында сақталған жауһар туындылармен қауышып, ұлттық өнердің мәңгілік құндылығына тағы бір мәрте көз жеткізеді.
Концерттік бағдарламаға Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Қапаш Құлыш, «Мәдениет қайраткері», «Халық алғысы» мелалінің иегері Жанат Есов, «Мәдениет саласының үздігі» Эльмира Төлеубаева, «Шапағат» мемлекеттік наградасының иегері Аякөз Қалмағанбетова, Республикалық байқаулардың лауреаттары: Зәмзәгүл Смағұлова, Туханбек Әлішер, Айсұлтан Хапсанатұлы, «Айнакөл» фольклорлық ансамблі мен «Гәкку» би ансамблі қатысады.
Ұлттық өнерді ұлықтайтын рухани кешке шақырамыз!
