М. Әуезов театры «Қоштасқым келмейді!..» спектаклімен Конкордия студенттік театрында
Көрнекті орыс драматургы А. Володиннің терең психологизмімен ерекшеленетін пьесасына ажырасуға бел буған сегіз отбасының тағдыры арқау болады. Жасы, әлеуметтік мәртебесі, дүниетанымы жағынан әртүрлі бірнеше шаңырақ иелері сан түрлі өмір драмасына ұшырап, күмән-күдікке, тәкаппарлыққа бой алдырады - бақытты кездесулер баянсыз қоштасуларға ұласқалы тұр. Некелерін бұзуға сотқа келген оларды татуластырмаққа судья барын салады. Алайда өзімшіл ерлі-зайыптылар бірін бірі тыңдаудан, түсінуден қалған…
Шарттылық белең алатын қойылымда әр кейіпкер әртүрлі танымын, жеке дүниетанымын алға тартады. Әрбір кейіпкер, яғни әрбір адам – жеке әлем, тек сол әлемге үңілу, оны түсіне, қажет болса кешіре білу - үлкен қасиет. Негізінен театрдың жас буыны қатысатын спектакль өмірдің осы бір қарапайым да күрделі пәлсапасы туралы ойларға жетелейді.
АКТЕРЛІК ҚҰРАМДА:
Катя – З.Рахымжан
Митя – А. Тұрарбеков
Әйел – Д. Темірсұлтанова
Ирина – Д. Ныгемтуллина(Ввод)
Валера – Р. Бекет
Фотограф – Ә. Есбатыров
Дядя Витя – Р. Бекет
Козлов – А. Мажит
Козлова – Л. Тілеуова
Козлов қызы –
Судья – Қ. Демеуов
Шумилов – Ж. Садырбаев
Шумилова – М. Келгенбай
Судья- А. Бақытжанова
Керилашвили – Д. Шыныбек
Лариса - Г. Досанова
Анасы - Г. Шыңғысова
Судья – Ш. Асқарова
Рэпер - Д. Анарбай
Никулин – Е. Тұрыс
Никулина – С. Реал Бланко (Ввод)
Судья – Қ. Мамытқалиев
Беляев – Б. Манжігітов
Беляева - А. Бақытжанова
Судья - Ғ. Амангелдіұлы
Миронов- Д. Анарбай
Миронова- Л. Қалдыбекова
Судья- Н. Бексұлтанова
Керилашвили жігіттері - Қ. Демеуов,
Ә. Базарбай, Р. Бекет, Ғ. Амангелдіұлы
Көпшілік сахна:
Ә. Базарбай, Қ. Демеуов,
Ғ. Амангелдіұлы, Р. Бекет, И. Мәзімбай,
Н. Қуанышбайұлы,
Д. Анарбай, А. Ағымбай, М. Келгенбай,
А. Бақытжанова, Д. Ныгметуллина,
Л. Тілеуова, Ұ. Райханова,
З. Каташева, Г. Досанова








