Помощь без выходных:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 человек за последний час интересовались этим событием.

Перемирие - Бiтiм (2025) kz

Купить билеты

Фильмнің оқиғасы 1937-1945 жылдары Қазақстандағы КарЛАГ-та өрбиді. Мұнда бүкіл әлемнен әкелінген тұтқындар қамауда отырған еді.

Осы жерге испандық республикалық Телмо Рейес (30 жаста) пен КСРО-ға қарсы соғысқан «Көк дивизия» сарбазы Сальгадо (28 жаста) түседі. Жат жерде бір-біріне қас дұшпандардың жолы тоғысады.

Лагерь өміріне бейімделуге тырысқан олар Ораз Сәкеновпен (45 жаста) танысады - қазақ филологы, мұғалім, қазақ зиялыларының жиынтық бейнесі. Оның прототипі - өткен ғасырдағы Алаштың ардақты патриоттары. Кітапқұмар, білімді Ораз тұтқындарға даналық кеңес беріп, барлығына жеңілдік әкелудің жолын іздейді.

Сальгадо лагерьде Айсулу есімді қазақ қызына (26 жаста) ғашық болады. Бірақ Айсулудың жүрегін қақ бөлген сезім мен отансүйгіштік борыш арасында таңдау жасау оңай емес.