Помощь без выходных:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07

Сезім үшін... Лирикалық кеш

Сүю. Жек көру. Танысу. Табысу. Аялау. Қадірлемеу. Кездесу. Қоштасу...
Аялдамада орын алатын сан түрлі тағдырлар...

Өзіңді өмір бойы ақылды болуға тәрбиелеп келе жатқанда, аяқ-астынан ОЛ шыға келеді... Ол түсініксіз де, тәтті құбылыстың аты – СЕЗІМ. Сыңарыңның сырын тек іштей ұға алып, қателіктеріне де көз жұма қарау - нәзік сезімге жата ма? Махаббат үшін мұң жасын көлдетіп, тасқын жүректі тасыту - сүю ме?
Махаббат әлемінде бір ғана заң бар – сүйгеніңе бақыт құрау. Сол бақытты құрастыру жолындағы ғашықтардың бастан өткеретін хикаяларына куә болып, жүрек қылын шертер әндерді бірге шырқауға шақырамыз!