Сезім үшін... Лирикалық кеш
Сүю. Жек көру. Танысу. Табысу. Аялау. Қадірлемеу. Кездесу. Қоштасу... Аялдамада орын алатын сан түрлі тағдырлар...
Өзіңді өмір бойы ақылды болуға тәрбиелеп келе жатқанда, аяқ-астынан ОЛ шыға келеді... Ол түсініксіз де, тәтті құбылыстың аты – СЕЗІМ. Сыңарыңның сырын тек іштей ұға алып, қателіктеріне де көз жұма қарау - нәзік сезімге жата ма? Махаббат үшін мұң жасын көлдетіп, тасқын жүректі тасыту - сүю ме? Махаббат әлемінде бір ғана заң бар – сүйгеніңе бақыт құрау. Сол бақытты құрастыру жолындағы ғашықтардың бастан өткеретін хикаяларына куә болып, жүрек қылын шертер әндерді бірге шырқауға шақырамыз!
Рассказать друзьям
Не хватает информации? Напишите нам, мы добавим!