Помощь без выходных:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 человек за последний час интересовались этим событием.

«Symphonic Christmas joy»

Купить билеты

2025 жылдың 8 қаңтар күні, сағат 19:00-де Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның концерт залында Симфониялық оркестрдің «Symphonic Christmas joy» атты концерті өтеді. Бағдарламада әлемдік және отандық композиторлардың таңдаулы шығармалары бар. 

Концерт Е.Рахмадиевтің ұлттық музыкалық болмыс пен симфониялық ойлауды ұштастырған «Дайрабай» симфониялық күйімен ашылады. Бұдан кейін Г.Свиридовтың А.Пушкиннің «Метель» повесіне арналған музыкалық иллюстрацияларынан «Тройка» мен «Вальс» орындалады. 

Кештің негізгі бөлімінде П.Чайковскийдің кең танымал «Щелкунчик» балетінен сюитасы шырқалып, мерекелік атмосфера қалыптастырады. А.Вивальдидің «Жыл мезгілдері» циклінен «Қыс» концерті солист Орынбаева Салтанаттың орындауында ұсынылады. 

Бағдарлама Ж.Бизенің «Кармен» операсына увертюрамен, Г.Форенің «Паванасымен» жалғасады. Қазіргі заманғы авторлық туынды – А.Серкебаеваның «Happy New Year» композициясын солист Дилишева Жамиля орындайды. 

Концерт И.Штраустың «Көгілдір Дунай» вальсі мен «Жарқанат» опереттасына увертюрамен түйінделеді. 

Аталмыш концерт классикалық музыкаға тән стильдік әралуандық пен жоғары орындаушылық деңгейімен ерекшеленеді. 

Симфониялық оркестрдің көркемдік жетекшісі - ҚР Халық әртісі Абзал Мұхитдин 

Дирижер - «Құрмет» орденінің иегері Арман Жайым