97 человек за последний час интересовались этим событием.
Өнер орталығы

Ұланғасырдың ұланасыр концерті Ақтөбеде

Купить билеты

Ұланғасыр Қами — Қазақ эстрадасына өз қолтаңбасымен келген жас әнші. Ол көпшілікке «Қызыл раушан» әнімен ерекше танылды. Бұл әннің you tube желісіндегі аудио нұсқасы мен бейнебаяны 200 млн қаралым жинаған. Бұдан кейін «Жалғызым қазақ», «Ямахау», «Жақтырмайсың», «Дискотека», «Балқия» сияқты көптеген әндері жүз миллиондап қаралым жинап, хитқа айналды. «Жайлау» атты альбом жазды. 2023 жылы Қырғызстанда «Орта Азия хитмені» деген атаққа ие болды. 

Былтыр Қазақстан бойынша тур жасап, Алматы қаласында Республика сарайында жеке ән кешін берді. Енді биыл Батыс Қазақстаннан бастап жеке турын жасап, 2024 жылдың 24-ші қарашасында Астана қаласындағы Конгресс-Холлда ұлан-асыр концертін бермек.