ҰЛТ АСПАПТАР ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ
2025 жылғы 18 қазан күні сағат 12:00-де Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның камералық залында «Сарыарқа» халық музыка ансамблінің «Ұлт аспаптар әлеміне саяхат» атты танымдық лекция-концертін ұсынады.
Концерт барысында көрермендер қазақ ұлттық музыкасының терең тарихымен және ұлт аспаптарының бай әлемімен танысады. Шараның мақсаты – халқымыздың дәстүрлі музыкалық мұрасын дәріптеу, жас ұрпақтың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру.
Бағдарламаның негізгі ерекшеліктері:
•Қазақ ұлттық аспаптарының шығу тарихы мен ерекшеліктерін таныстыру;
•Қобыз, домбыра, сырнай, жетіген, шаңқобыз сынды аспаптардың жасалуы мен дыбысталуы туралы мәлімет беру;
•Ұлттық музыка өнерінің тәрбиелік мәні мен болашақ ұрпақ үшін маңызын түсіндіру.
Ансамбльдің кәсіби музыканттары дәстүрлі әуендерді орындап қана қоймай, әрбір аспаптың ерекшелігі жайында көрерменмен сұхбаттаса отырып, тыңдарманды ұлттық музыка әлеміне тереңірек жетелейді.
Бұл лекция-концерт балалар мен жасөспірімдердің музыкалық танымын кеңейтіп қана қоймай, олардың жүрегіне ұлттық рух пен мәдени мұраға деген құрметті сіңіруге бағытталады.
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:
