«Ғасырлар үні - классика» концерті
ҒАСЫРЛАР ҮНІ
Классикалық музыка кеші филармония сахнасында тыңдарман жүрегін нұрға, әуезге толтырып, өнерге деген сүйіспеншілікті арттыра түседі. Бұл кеште көрермендер ұлы композиторлардың шығармаларын эстрадалық-симфониялық оркестрдің жанды орындауында тамашалайды.
· Рихард Штраус - неміс композиторы, кеш романтизм дәуірінің өкілі, неміс экспрессионизмінің жарқын тұлғасы. Симфониялық поэмалары мен опералары арқылы ерекше танымал болған.
· Франц Петер Шуберт - австриялық композитор, музыкалық романтизмнің негізін қалаушылардың бірі. Ол 602 вокалдық шығарма, тоғыз симфония, көптеген камералық және фортепианолық туындылардың авторы. Шуберттің мұрасы - романтизм дәуірінің ең озық үлгілерінің бірі.
Концерттің екінші бөлімінде кеңестік классика әуесқойларын қуантатын шығармалар шырқалады. Бағдарламада Арам Хачатурян мен басқа да танымал композиторлардың туындылары орындалады.
Кештің құрметті қонағы - Петропавл филармониясының сахнасына қайта оралған Ренат Салаватович Салаватов.
Ренат Салаватович Салаватов - кеңес дәуірінің дирижері әрі композиторы, Татар КСР-інің халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, Г.Тукай атындағы Татарстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның құрметті профессоры.
Классикалық музыка кеші әр жастағы көрерменді бей-жай қалдырмайды. Қанша уақыт өтсе де, өз мәнін жоғалтпайтын жауһарларды жанды орындауда тыңдаудың бірегей мүмкіндігі.